Жаңалық

Қазақстанның Тұңғыш Президенті інісі Болат Назарбаевты еске алып, құран бағыштап, ас берді

ОҚИҒАЛАР

Республикалық бас мешіт, Астана қ.

Нұрсұлтан Назарбаевқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және діни қызметкерлер көңіл айтты.

Еске алу асында сөз сөйлеген Н. Назарбаев көпшілікке жылы лебізі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

– Осындай ауыр сәтте біздің отбасымызға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, көптеген қазақстандық көңіл айтып, қайғымызды бөлісіп, қолдау білдірді. Барлығына шын жүректен ризамын, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын еске алып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан реформалардың маңыздылығын атады.

– Әр ұрпақтың өзінің жолы мен міндеті бар. Келесі ұрпақ та өзгеріс енгізеді. Өзгеріссіз даму жоқ, онсыз алға жылжи алмаймыз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сөз соңында Н.Назарбаев мемлекеттің өркендеуінің, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі халықтың бірлігі екенін атап өтті.