«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті
Кездесуде Сенат депутаттарының өңірлерге сапарларының қорытындылары мен жоғарғы палатаның алдағы сессияға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәулен Әшімбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері туралы пікір алмасты.