Жаңалық

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды

ОҚИҒАЛАР

Түркістан қаласы

Елбасы концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да іс-шараларға арналған көпфункционалды мәдени нысанды аралады.

Жаңа ғимаратта бір мың орындық көрермен залы, төрт дайындық бөлмесі, әкімшілік кеңселер және балаларға арналған ойын бөлмесі орналасқан.

Сонымен қатар ғимаратты аралап көру кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі көрсетілді.