Жаңалық

Елбасы Ұлттық мүдделер орталығының президенті, «The National Interest» журналының баспагері Дмитрий Саймспен кездесті

ОҚИҒАЛАР

Кездесу барысында тараптар жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты, сондай-ақ әлемнің жетекші державалары арасындағы диалогты жолға қою жөніндегі шараларды талқылады.

Елбасы АҚШ-Ресей қатынастарының сарапшысы ретінде Дмитрий Саймстың «Астана клубының» жұмысына қатысуының маңыздылығын атап өтті.