Жаңалық

Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон ҚОҢЫРАУЛАРЫ

Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Қырғызстан қатынасы екі ел арасындағы дәстүрлі татукөршілік және ынтымақтастық рухында одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.