Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайлануымен құттықтады.
– Жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Тиісті біліміңіз бен тәжірибеңіз бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін, - деді Елбасы.