Жаңалық

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон ҚОҢЫРАУЛАРЫ

Тараптар бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейде коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ індеттің мемлекеттердің экономикалық дамуына әсерін талқылады.

Осы ретте тараптар тезірек жаһандық коронавирус пандемиясын еңсеруге және экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған үйлестірілген халықаралық шаралар әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.