Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, сондай-ақ ведомствоның карантин кезіндегі жұмысы туралы баяндалды.
Бүгінгі таңда барлық әкімшілік хаттамалардың 73 пайызға жуығы электронды форматта толтырылатыны атап өтілді. Сонымен қатар, Ғ.Нұрдәулетов шағын және орта бизнестің жұмысын заңсыз тексеруді алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Бас прокурор Елбасыға азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен елдің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру нәтижелері туралы есеп берді.