Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
– Алматы қаласының әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін, – делінген Елбасының жеделхатында.