Нұрсұлтан Назарбаев Қажахмет Балахметовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
«Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді.
Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді», – делінген жеделхатта.