Сөйлеген сөздер, сұхбаттар мен жолдаулар

Қазақстан Тұңғыш Президентінің жұмыс кестесінің ажырамас бөлігі – оның бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздері.

БАҚ дәстүрлі түрде Н.Назарбаевтың қазақстандықтармен де, шетелдік аудиториямен де арадағы басты диалог алаңының бірі болып қала береді. Бұл – Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының негізгі бағыттары, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамалары таратылатын және түсіндірілетін аса маңызды арна.

Ұсынылып отырған бөлімде Тұңғыш Президенттің сұхбаттары, үндеулері мен репортаждарының іріктелген ауқымды топтамасымен танысуға болады.