Тұңғыш Президент жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды.
Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі – теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрады. Айта кетерлігі, теннисті көптеген саясаткерлер мен түрлі елдердің көшбасшылары ойнайды. Өз кезінде Н.Назарбаевтың лайықты әріптесінің бірі Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин болды.
Тұңғыш Президенттің тағы бір әуес ісі – гольф. Елбасы өзге де белгілі әлемдік саясаткерлер және бизнесмендердің қатарында түрлі халықаралық турнирлерге де жиі қатысады. Өзінің айтуынша, Тұңғыш Президент алғаш тау шаңғысын аяғына 55 жасында байлапты. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевты Шымбұлақ шатқалында және басқа да таулы курорттарда жиі көруге болады.
Бүгінде Қазақстанда жаңа спорт кешендері, бассейндер, гольф алаңдары, теннис корттары ашылуда. Олардың бәрі қазақстандықтардың игілігі мен денсаулығына қызмет етеді. Оған қоса, Алматыда тау шаңғысы туризмі барған сайын танымал бола түсуде. Бұл үшін «Шымбұлақ» базасы қайта жаңғыртудан өтті, ал таяу келешекте сол жерде тағы бір жаңа курорт салынады.
Сындарлы және жүйелі мемлекеттік саясат нәтижесінде қазақстандықтар спортпен көбірек айналысып, өз денсаулығына жіті көңіл бөлетін болды. Саламатты ұлт – Қазақстанның табысының басты кепілі.