Хобби

Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Әлдебір ойшыл айтқандай:  толыққанды тұлға үшін  демалыс – өзі айналысатын істің түрін өзгерту ғана.

Табиғат

Нұрсұлтан Назарбаев Іле Алатауының жаз жайлауында дүниеге келді. Алуан-алуан гүл тұнған таулар арасында, жусан иісі мұрын жарған далада, әкесімен бірге баптаған жеміс бағында ол аунап-қунап өсті, балалық шағы мен жасөспірімдік кезеңін өткерді. Туған жерге, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне деген махаббат, аз уақыт болса да сүйікті Қазақстанның әсем жерлерінде болуға тырысу, тірі табиғатпен етене араласу – оның болмысының бір бөлшегіне айналды.

Музыка

Тұңғыш Президент өмірінде музыка маңызды орын алады. Н.Назарбаевтың отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін. Әсіресе анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы айтатын. Оның сол қабілет-дарыны ұлына берілгені сөзсіз. Жас Нұрсұлтан бала кезінен «есте жоқ ескі кездердегі» де, өз заманындағы да түрлі әндер мен әуендерді тыңдап, құлағына және зердесіне сіңіріп өсті. Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып, ән салады. Тұңғыш Президенттің үш ән шығарғаны, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінінің телавторы екені де баршаға белгілі.   

 
Авторлық әндер
«Шұбарат»
 
00:00
 
 
«Жерім менің»
 
00:00
 
 
«Үшқоңыр»
 
00:00
 
 
«Елім менің»
 
00:00
 
 
 
Сүйіп тыңдайтын әндері
«Жұлдызым»
 
00:00
 
 
«Көзімнің қарасы»
 
00:00
 
 
«Беу, айдай»
 
00:00
 
 
«Сәулем-ай»
 
00:00
 
 

Кітап оқу

Спортпен айналысу, музыка тыңдау және табиғат аясында сейілдеумен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көп уақытын кітап оқуға арнайды.  Кітапқұмарлық оның бойында алғаш оқып үйренген балғын шағынан қалыптасты. Талай ондаған жылдар өтсе де, кітапқа деген сол сүйіспеншілік әлі суыған емес. Бұрынғыша оның жаны сүйетін ісінің бірі – оңашада кітап оқу. Сүйікті кітаптары қатарында Абай, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының, орыс және әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары бар.