Жаңалық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон ҚОҢЫРАУЛАРЫ

Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық деңгейде мойындалған саясаткер ретінде тәуелсіз Қазақстанның дамуына, сондай-ақ өңірдегі және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Эмомали Рахмон Тәжікстан халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық серіктестігін ілгерілетудегі тарихи рөлін жоғары бағалайтынын айтты.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.