Жаңалық

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта болды

ОҚИҒАЛАР

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта құрметті қонақ ретінде болды.

Парад басталмас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет білдірді.

Парад барысында 35 жауынгерлік есептоптар, 130-дан астам заманауи үлгідегі әскери техника, 13 мыңнан астам әскери қызметшілер сап түзеп өтті.