Жаңалық

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады

ОҚИҒАЛАР

Кездесу барысында Әсет Исекешев Қордың 2019 жылы атқарған жұмысы, сондай-ақ дарынды жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қордың атқарушы директоры Елбасыға Қордың білім, мәдениет, халықаралық қызмет саласындағы, сарапшылық-талдамалық жұмысты күшейту және басқа да мәселелерге қатысты жаңа жұмыс бағыттары мен бағдарламаларын таныстырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.