Жаңалық

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон ҚОҢЫРАУЛАРЫ

Әңгімелесу барысында тараптар көпжоспарлы Қазақстан-Ресей саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының ілгері дамуына ризашылық білдірді.

Сонымен қатар, екі ел басшылары гуманитарлық саладағы диалогты одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті, оның аясында 2019 жылдың қыркүйек айында Ресейдегі Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.