Жаңалық

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды

ОҚИҒАЛАР

«Барыс-Арена», Нұр-Сұлтан қ.

Ойын алдында Елбасы әлемдік теннистің майталмандары Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.

- Қазақстандықтар планетаның үздік теннисшілерін көргендеріне өте қуанышты. Мен сіздердің ойындарыңызды үнемі қараймын. Сіздер спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Кездесу барысында Елбасы теннисшілерге зор денсаулық тілеп, Рафаэль Надальды жақында шаңырақ көтеруімен құттықтады.

Қайырымдылық матч нәтижесінде жиналған қаражат өңірлерде теннис инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.