Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал және министрліктің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылды.
Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, 2019 жылы қылмыс 15% төмендеген. Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 77,5% құраса, аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш - 88%.
Сонымен қатар, Е.Тұрғымбаев Елбасына ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы мәлімет берді.