Жаңалық

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

ОҚИҒАЛАР

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.

– Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып  жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыстарда тиісті жұмысты жолға қою қажет,  - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА жұмысын халықаралық бағытта күшейтудің маңыздылығына назар аударды.

– Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 милионнан астам адам қатысты, - деді Жансейіт Түймебаев.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.