Жаңалық

Елбасы профессор С.Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Телеграммалар мен хаттар

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық танымал заңгердің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғалымның отбасы мен туған-туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

«Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан зерделі зерттеуші болатын. Ол мемлекет пен қоғам істеріне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды.

Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді», - делінген жеделхатта.