Жаңалық

Елбасы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Телеграммалар мен хаттар

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, академик Өмірзақ Айтбаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті қызметін атқарған ол мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы талай игі істердің ұйытқысы болды. Азаматтық айқын ұстанымымен, қажырлы еңбегімен тіл және терминология, мәдениет пен руханият салаларының өсіп-өркендеуіне атсалысты. Ел-жұрттың құрметіне бөленіп, соңына көптеген ғылыми еңбектері мен лайықты шәкірттерін қалдырды.

Өмірзақ Айтбайұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», - делінген жеделхатта.