Жаңалық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон ҚОҢЫРАУЛАРЫ

Өзбекстан Президенті Елбасын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және Қазақстанның өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күш-жігерінің, парасатты және көреген басшылығының арқасында Қазақстан өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналғанын атап өтті. Өзбекстан көшбасшысы Тұңғыш Президент тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті.

Елбасы Ш.Мирзиёевке жылы лебіздері үшін алғысын айтып, бауырлас екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.