Жаңалық

Елбасы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті

Телефон ҚОҢЫРАУЛАРЫ

Валентина Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан мерейтойымен құттықтап, Тұңғыш Президенттің тәжірибелі және көреген саяси қайраткер, өз елінің нағыз көшбасшысы ретінде қазақстандықтар мен шетелде лайықты беделге ие екенін ерекше атап өтті.

Елбасы Валентина Матвиенкоға ізгі тілектері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.