Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгіме барысында Режеп Тайип Ердоған Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық және көпжоспарлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.
Түркия Президенті қазіргі Қазақстанның даму тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екендігін айтып, оның екі ел арасындағы қатынастарды қалыптастырудағы елеулі рөлін атап өтті.
Елбасы Режеп Тайип Ердоғанға достық тілектері үшін алғысын білдірді және Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігінің қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.
Телефон арқылы сөйлесуге түрік тарапы бастамашы болды.