Жаңалық

Елбасы «Яссы» ботаникалық бағына барды

ОҚИҒАЛАР

Түркістан қаласы

Тұңғыш Президент назарына ботаникалық бақтың даму жоспары ұсынылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасын жүзеге асыру туралы баяндалды.

Анықтама үшін:

«Яссы» ботаникалық бағының жалпы ауданы 7,7 гектар. Бақтың орталық бөлігі раушан гүлдерден және аршадан жасалған ислам ою-өрнектері бейнесіндегі үлкен лабиринтпен безендірілген. Саябақ ішінде раушан гүлдерден ислам паттерндеріне ұқсас гүлзарлар бар.

Бұл жерге мыңға жуық ағаш егілген, оның 800-ден астамы шие, алма, талшын, долана, қызғалдақ ағашы сынды гүлдейтін сәнді өсімдіктер.