Жаңалық

Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады

ОҚИҒАЛАР

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанның бауырлас халықтарының тарихи жақындығын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайта түсудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда Елбасы Қырғызстан жастарының еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуы үшін грант бөлу мүмкіндігі туралы айтты.

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстан халқына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын білдіріп, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар Ақылбек Жапаров Тұңғыш Президенттің басшылығымен тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстарына ерекше тоқталып, Елбасының екі ел халықтары арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.